Есірткіге қарсы иммунитет: мектеп оқушыларына дәріс өтті

Есірткіге қарсы иммунитет: мектеп оқушыларына дәріс өтті

Талдықорған қаласындағы А.С. Макаров атындағы №6 орта мектебінде оқушыларға арналған есірткіге қарсы профилактикалық дәріс өтті. Шара Жетісу облысында жасөспірімдер арасындағы есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және жазғы демалыс кезінде профилактикалық шараларды күшейту аясында ұйымдастырылды.

Дәрісті полиция қызметкерлері облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігерімен бірге өткізді. Мамандар оқушыларға зиянды әдеттерге қарсы тұрудың психологиялық жолдарын, ішкі мотивацияны арттыру және күйзелісті еңсеру тәсілдерін түсіндірді.

— Жастармен алдын алу жұмысын неғұрлым ерте бастау өте маңызды. Біз тек ақпарат беріп қана қоймай, есірткіге деген сыни көзқарас қалыптастыруға тырысамыз, — деді Кеңес өкілі.

Бүгінде Қазақстан бойынша есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі 75 өңірлік кеңес жұмыс істейді. Олардың міндеті – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жергілікті жерде қолдау көрсету.

Дәріске 97 оқушы қатысты. Мұндай кездесулер оқушылардың денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты саналы көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.