Жетісу полицейлері мамыр мерекесіне орай қауіпсіздік шараларын күшейтті

Жетісу полицейлері мамыр мерекесіне орай қауіпсіздік шараларын күшейтті

Жетісу өңірінде мамыр мерекелеріне орай күшейтілген қауіпсіздік режимі енгізілді. Мұндай шаралар бұқаралық іс-шаралар мен демалыс күндері облыс тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

«Полиция тәртіп сақшысы. Әрқашан қызметте! Әрқашан сапта! Тәртіп сақшылары «Заң және тәртіп» қағидасын басшылыққа ала отырып, баршаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әзір. Адамдар көп шоғырланатын орындарда, көшелерде, алаңдарда және қоғамдық көліктерде патрульдердің саны арттырылып, бейнебақылау күшейтілді.

Құқық қорғау органдары еске салады: олардың басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және кез келген заң бұзушылықтың алдын алу. Полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында облыс тұрғындары алаңдамай, мерекелердің тыныш әрі оқиғасыз өткізетіндеріне кепіл береміз.

Жетісу полицейлері азаматтарды қырағы болуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қажет болған жағдайда көмекке жүгінуге шақырады.