Жетісу облысында Ұлы Отан соғысы батырлары мен қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған «Мәңгілік тағзым» акциясы бастау алды.
Акцияның мақсаты – қызметкерлер арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу, тарих пен қызметтік борышқа деген құрметті нығайту. Шара аясында «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ішкі істер және ұлттық ұлан ардагерлері, сондай-ақ «Жас сақшы» қозғалысының кадеттері қатысты.
Қатысушылар ерлікпен қаза тапқандардың рухына бір минут үнсіздік арнап, олардың батырлығы мен жанқиярлығына құрмет көрсетті.