2025 жылдың 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолдардағы тәртіпті күшейту.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!