Тексеру барысында автожолдардың жағдайына, жол белгілері мен бағдаршамдардың, көпірлер мен теміржол өткелдерінің, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарының жай-күйіне ерекше назар аударылады.
Тексеру нәтижелері бойынша тиісті нұсқамалар жергілікті атқарушы органдарға және жауапты жол ұйымдарына жолданатын болады.
Полиция жол қозғалысы ережелері мен белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ автокөліктердің техникалық жағдайына көңіл бөлуге шақырады.