Табиғатты қорғау — ортақ міндет: Жетісу облысында балық шаруашылығы өкілдерімен кездесу өтті

Табиғатты қорғау — ортақ міндет: Жетісу облысында балық шаруашылығы өкілдерімен кездесу өтті

Жетісу облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Жетісу облысының Көліктік бақылау инспекциясының мамандарымен бірлесіп, Балқаш көлінде балықтардың уылдырық шашу кезеңінде балық қорын сақтау мәселелері бойынша балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Жетісу облысы аумағындағы су айдындарында балық аулауға тыйым салынатын мерзімдер туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаудың және балық ресурстарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу және өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Бұл шаралар табиғаттың байлығын сақтау, заң талаптарын түсіндіру және азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру бағытында маңызды қадам болмақ.