Өңірде есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстар белсенді түрде жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі Кеңес мүшелерінің тележобаларға қатысуы болды. Бұл бастама қоғамда есірткіге қарсы сана қалыптастыруға бағытталған.
Журналисттің бастамасымен антиесірткілік тақырыпқа арналған арнайы сұхбат ұйымдастырылды. Аймақтық телеарна эфирінде Кеңес өкілдері есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алуға бағытталған шаралар, қазіргі профилактикалық бағдарламалар туралы айтып, жастарды салауатты өмір салтына тартудың маңыздылығын атап өтті.
Айрықша назар аударуға тұрарлық жоба – «19 өңір» бағдарламасында Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысымен өткен сұхбат. Онда спикер өңірдегі есірткі қылмыстарының статистикасын келтіріп, өзекті мәселелерге тоқталып, полиция қызметінің басым бағыттарын баяндады. Сонымен қатар, есірткімен күресте құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері және қоғам арасындағы тығыз байланыстың қажеттілігін атап өтті.
Есірткіге қарсы күрестің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы бағыттағы медиялық бастамалар халықтың ақпараттану деңгейін арттырып, қоғамда есірткіге деген төзбеушілікті нығайтуға ықпал етеді.