Жетісу облысы Полиция департаменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 ҚР ІІМ бұйрығы шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген лауазымдарды атқаратын қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, Жетісуу облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына үлгіге сәйкес баянат және қызметтік тізім ұсынады.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаментінің аппараты бойынша C-SVО-7 санаты;
- қалалық және аудандық Полиция басқармалары бойынша C-SVR-6 санаты;
- «ОЖВ», ЖҚАЖ АМБ C-SN-7 санаты;
- Полиция департаментінің саптық бөлімшелері бойынша C-SSР-6,
C-SV-12 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жетісу облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына хабарласуға болады, каб. № 204, 205, 211, анықтама телефондары 8 (7282) 60-82-82, 60-82-54, 60-82-52, 60-87-30, электрондық мекенжайлар kozhakhmet_ernar@mvd.gov.kz, 970617300431@mvd.gov.kz, umetaev_beksultan@mvd.gov.kz, elemesuly_rafael@mvd.gov.kz, kabdulova_gulvira@mvd.gov.kz, beysenbin_i@mvd.gov.kz, sevastyanov_n@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Жетісу облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы