Президент кеңесшісі Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Нұржан Мәлікұлы Отарбаев Жетісу облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірлік Полиция департаментінде жеке құраммен кездесті.

Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Нұржан Отарбаев Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында қойған талаптарын жеткізіп, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидасының терең орнығуы қажет екенін атап өтті.

Сапар аясында Президент кеңесшісі Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, Полиция департаментінің музейін аралады. Сонымен қатар, ведомствоның қызметін жетілдіру, жас мамандардың кәсіби және адамгершілік тұрғыда дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында құрылған Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы таныстырылды.

Кездесу барысында кеңес төрағасы, полиция ардагері Ерлан Сансызбаев сөз сөйлеп, ұйымның қазіргі таңда атқарып жатқан қызметі жайлы баяндап берді. Тәлімгерлер кеңесі тәжірибелі зейнеткерлердің көмегімен жас қызметкерлердің тәрбиесіне үлес қосуға бағытталған.

Мұндай кездесулер ішкі істер органдарының жұмысын жетілдірумен қатар, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Нұржан Мәлікұлы Отарбаев Жетісу облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірлік Полиция департаментінде жеке құраммен кездесті.

Мұндай кездесулер ішкі істер органдарының жұмысын жетілдірумен қатар, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.