Жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігі: Ережелер мен нұсқаулықтар

Жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігі: Ережелер мен нұсқаулықтар

Өңірде 15 мен 17 шілде аралығында «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оның мақсаты – құқық бұзушылыққа жол беретін, сондай-ақ заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмағандарды және құқыққа қарсы әрекет жасауға тартатын тұлғаларды анықтау болып табылады.

Адамдар көп жиналатын орындарға – компьютерлік клубтарға, ойын залдарына және ойын-сауық орындарында жүргізілетін рейдтерге ерекше назар аударылады. Мәселен, Сарқан ауданының полицейлері іс-шараның бір күнінде көшеде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 8 кәмелетке толмағанды анықтады.

Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі сіздің жауапкершілігіңізден басталады:
– Балаларды түнгі уақытта еріп жүруінсіз далаға жібермеңіз;
– Балаңызға күнделікті жол қозғалысы ережелерін еске түсіріңіз;
– Балаларды қараусыз су айдындарына жіберуге болмайды;
– Шомылып жатқан балаға үздіксіз бақылау жүргізілуі тиіс.

Есіңізде болсын! Бала ата-анадан үлгі алады! Сіз өз балаңызға көшеде және үйдегі тәртіпті мінез-құлықтың үлгісі болыңыз.