Талдықорған қалалық полициясында мектептің ноутбугы ұрланғандығы туралы арыз тіркелді. Бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары ұрланған кеңсе техникасын тауып, оқушыларға қайтара алды.
Ұрлық жасады деген күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының арқасында анықтады.
«Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті құрылыс бригадасымен бірге мектептегі жеке кабинеттерді жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ноутбукті түнде шығарған. Қазір ноутбук заңды иелеріне, яғни оқушыларға қайтарылды», - деп хабарлады Талдықорған полициясы.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.