ЖЕТІСУДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША АВТОШЕРУ ӨТТІ

ЖЕТІСУДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША АВТОШЕРУ ӨТТІ

Көксу ауданында полицейлер жол-көлік жарақаты мәселесі бойынша акция өткізуге бастамашы болды, оны көлік жүргізушілері мен қоғамдық белсенділер жақсы қолдады.Акцияға қатысушылардың бірлескен күш-жігерімен ҚР Жол қозғалысы ережелерін және жалпы жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақыратын баннерлер әзірленіп, сол арқылы азаматтардың назарын жол қауіпсіздігі мәселесіне аударуға тырысты.

Акция республикалық трасса мен елді мекендер бойынша автошеруді қамтыды. 40-тан астам автокөлік иелері колоннаға қосылды. Профилактикалық автошеру маршрутының жалпы ұзындығы 108 км құрады. Шеру барысында автокөлік жүргізушілері арасында тақырыпқа қатысты кеңес беру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

«Жол-көлік жарақаты мәселелері біз үшін әлі де өзекті. Биыл ауданда 27 жазатайым оқиға тіркеліп, 57 адам зардап шегіп, 14 адам қаза тапты. Полиция қызметкерлері тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде үндеу жасап, жұртшылықтың назарын жол қауіпсіздігіне аударады, сондай-ақ әрдайым осындай шараларға бастамашылық етеді. Жыл басынан бері біздің күш-жігерімізбен 1791 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 17 жүргізуші жол ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды», - дейді Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрболат Төлебаев.

Құрметті көлік жүргізушілері, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және жолда қауіпсіз жүруге шақырамыз. Сақ және мұқият болыңыз. Қауіпсіздік әрқашан жолдағы мінез-құлық мәдениетіне байланысты. Ол әрқайсымыздан басталады. Есіңізде болсын, өмір адамға бір-ақ рет беріледі және өзіміз үшін ғана емес, туыстар мен жақындарымыздың, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі үшін де жауаптымыз.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі