6 қыркүйекте «Қорғас» ХШЫО аумағында төбелес болды. Бұл факті ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-тармағының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша Панфилов аудандық полициясының СДТБТ-нде тіркелді.
Төбелеске 20-26 жас аралығындағы бір топ жергілікті тұрғындар қатысқаны белгілі болды, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Оқиға орнынан табылған травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық Департамент ерекше бақылауға алды.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі