ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МАШИНАСЫ ЖОЛ ЖИЕГІНДЕ ТҰРҒАН ЖҮК КӨЛІГІНЕ СОҚТЫҒЫСЫП, ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МАШИНАСЫ ЖОЛ ЖИЕГІНДЕ ТҰРҒАН ЖҮК КӨЛІГІНЕ СОҚТЫҒЫСЫП, ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тас жолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатынан екі адам қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем машинасының 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екендігі алдын ала анықталды, ол рульді басқара алмай, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан жедел-жәрдем машинасының жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар және ең алдымен жылдамдықты асырмаңыздар. Автокөлікті басқару кезінде жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне және мертігуіне әкелетінін ұмытпаңыз.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі