Өткен аптада Жетісу облысы ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері облыстық департаменттің бірқатар аудандық бөлімшелерінің жеке құрамымен бастамашыл кездесу ұйымдастырды.
Ақсу, Алакөл және Сарқан АПБ полицейлерімен ККО төрағасы Өмірбек Ізбасаров пен ККО мүшесі Ерлан Сансызбаев кездесті. Сонымен қатар, Ескелді және Кербұлақ аудандарының полиция бөлімдеріне ККО мүшелері Данияр Қанаев пен Матвей Шведин барып қайтты.
Диалог барысында ҚР ІІМ әзірлеп жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасының жобасы қаралды. ККО мүшелері қолдаған тұжырымдама жобасы елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің одан әрі стратегиясын бекітуді көздейді. Себебі, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қылмыстың салдарымен күрескеннен гөрі оның алдын-алу шараларын бірлесіп қабылдау үнемді және тиімді.
«Бұл құжат мемлекеттік органдардың, кәсіби полицияның және жауапты қоғамдастықтың өзара іс-қимылы мен белсенді қатысуына негізделген құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін құрудың іргетасы болады.Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді белсенді түрде осы іске тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесін құру жоспарлануда», - атап өтті Жетісу полициясының беделді және құрметті ардагерлерінің бірі, ККО мүшесі Ерлан Сансызбаев.
Сындарлы диалог барысында елдегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша келісілген шешімдерді әзірлеуге барлық мүдделі тараптарды тартудың маңыздылығын түсінуге қол жеткізілді. Өз тарапынан консультативтік-кеңесші орган тұжырымдаманың барлық ережелерін ішкі істер органдарымен бірлесіп егжей-тегжейлі пысықтауға дайын екендігін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, ККО мүшелері полиция департаментінің тәртіптік және конкурстық комиссияларына үнемі қатысып отырады. Сонымен қатар, тұрақты түрде аудандық полиция бөлімдерінде барып, жеке құраммен ашық түрде әңгіме өткізіп тұрады.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі