ПОЛИЦИЯ ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫНЫ ҰРЫП-СОҚҚАН МАС АДАМДЫ ҰСТАДЫ

ПОЛИЦИЯ  ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫНЫ ҰРЫП-СОҚҚАН МАС АДАМДЫ ҰСТАДЫ

14 мамырда Талдықорған қалалық полициясына 46 жастағы әйел 14 жасар ұлын белгісіз ересек адам ұрды деп арыз жазды. Жасөспірімді соққан Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жас жігіт қатты мас болған, сондықтан ұсталған азамат жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі