ЖАТТЫҒУДА ҚИЫН БОЛСА, ҰРЫСТА — ОҢАЙ БОЛАДЫ

ЖАТТЫҒУДА ҚИЫН БОЛСА, ҰРЫСТА — ОҢАЙ БОЛАДЫ

Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері облыстық полиция жеке құрамының атыс дайындығы бойынша кезекті практикалық сабақтар өткізді.

Полигонда практикалық жаттығуларды орындау бойынша автоматтан ату тәсілдері мен ережелері қайталанды. Сабақ бастамас бұрын, әрбір қызметкер ату кезіндегі ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді.

«Атыс даярлығы қызметтік және кәсіптік даярлаудың негізгі бағыттарының бірі ретінде әрбір қызметкер үшін міндетті болып табылады. Біз мұндай сабақтарды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткіземіз. Сабақта алған дағдылар әрбір полиция қызметкері үшін маңызды. Жалпы, біз атыс нәтижелеріне көңіліміз толды. Бүгін қызметкерлер қаруды қолдана алудың, нысанаға дәл ата білудің жақсы нәтижесін көрсетті», – деп атап өтті Жетісу облысы ПД АЖДБ бастығы Аят Мұратбаев.

Полиция қызметкерлерімен апта сайын жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша теориялық сабақтар өткізілетінін еске саламыз. Теорияны практикада облыстық Департаменттің тирінде, сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланыәскери бөлімінің полигонында өтеді. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – атыс қаруын қолдану дағдыларын бекіту және оны пайдалану кезінде сенімділікті, ширақтылықты бойға сіңіру. Әрине, бүкіл жеке құрам денсаулығының қауіпсіздігі үшін сақталуы керек бірқатар шектеулер бар және бұл дайындыққа қосымша қиындықтар туғызуда. Бұл жерде, ұлы қолбасшы А. Суворовтың «Жаттығуда қиын болса, шайқаста – оңай» деген сөздері өте орынды.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі