ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫ ДЖИПТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА СЕБЕПКЕР БОЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫ ДЖИПТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА СЕБЕПКЕР БОЛДЫ

12 наурызда түнгі уақытта «Алматы-Өскемен» автожолының 196 шақырымында 46 жастағы ер адам «JAC S3» жол талғамайтын көлігін жүргізіп келе жатып, төрт атты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасында жолаушы ретінде көлікте отырған 45 жастағы әйел зардап шегіп, түрлі жарақаттармен Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, полиция қызметкерлері жол бойында қараусыз қалған жылқылардың иесін анықтауда.

Полиция ауыл тұрғындарын өздерінің малдарына мұқият қарап, жануарлардың көлік қозғалысы көп трассаларға шығуына жол бермеуге шақырады, бұл апатқа, сондай-ақ мертігу және адам өліміне әкелуі мүмкін.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі