
Қиратылған аялдамалар, сынған орындықтар, қоқыс жәшіктері мен көше шамдары, қабырғаларға, ескерткіштер мен табиғи нысандарға жазу немесе сурет салу – вандализм болып танылады. Вандализм үшін заңнамада 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамақ көзделген. Ал тарихи-мәдени мұра, ескерткіштер мен қорғалатын табиғи нысандарды бүлдірген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастырылған. Бір сәттік әрекеттің салдары ұзаққа созылуы мүмкін. Қоғамдық мүлік – баршамызға ортақ. Өз қаламызды таза ұстап, ортақ мүлікті бірге қорғайық! Заң мен тәртіп – әркімнің жауапкершілігі.