Демалыс күнгі отшашу: құқық бұзушылықты ЖБО камералары тіркеді

Демалыс күнгі отшашу: құқық бұзушылықты ЖБО камералары тіркеді

Демалыс күндері Бикен Римова атындағы театрдың алдында бір топ жас досын құттықтау мақсатында салют пен отшашу ұйымдастырған. Құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Полиция қызметкерлері жедел түрде Кербұлақ ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полиция мерекелік іс-шаралар азаматтардың тыныштығын бұзбауы және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс екенін еске салады. Заң мен тәртіп — әркімнің жауапкершілігі.