
Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылау камераларына күнделікті мониторинг жүргізеді.
Мониторинг барысында қоғамдық орында масаң күйде жүріп, қоғамдық тәртіпті бұзатын азаматтар анықталады.
Анықталған фактілер бойынша полиция қызметкерлері заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және белгіленген талаптарды бұзбауға шақырады.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.