Берекелі отбасы – берік мемлекет»: жас отбасылар форумы өтті

Берекелі отбасы – берік мемлекет»: жас отбасылар форумы өтті

«Берекелі отбасы – берік мемлекет» тақырыбында жас отбасылар форумы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас отбасылар арасында берік қарым-қатынасты қалыптастыру.
Форум барысында қатысушыларға отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызы түсіндіріліп, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасылық жанжалдардың алдын алу және ажырасу көрсеткішін төмендету мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы және отбасылық құндылықтарды сақтау қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, отбасы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.