Жыл басынан бері 6172 құқық бұзушылық: жаяу жүргіншінің салғырттығы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін

Жыл басынан бері 6172 құқық бұзушылық: жаяу жүргіншінің салғырттығы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін

Жыл басынан бері Жетісу облысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары тарапынан Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 6172 дерегін анықтады. Бұл – тек тіркелген құқық бұзушылықтар. Ал назардан тыс қалған жағдайлар бұдан да көп болуы мүмкін.

Күн сайын жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан жүретін азаматтарды кездестіруге болады. Мұндай әрекеттер балаларға теріс үлгі болып, олардың да қауіпті әдетті қайталауына себеп болады.

Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтамауы жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болады. Жүргізушінің әрекет етуіне санаулы секунд қана беріледі, ал көлікті бірден тоқтату мүмкін емес. Кейде жаяу жүргіншінің бір ғана дұрыс қадамы қайғылы жағдайдың алдын алады.

Өз өміріңіз бен қауіпсіздігіңіз ең алдымен өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – заң талабы ғана емес, адам өмірін сақтайтын маңызды қауіпсіздік шарасы. Жетісу облысының полициясы тұрғындар мен өңір қонақтарын жолды тек арнайы белгіленген орындардан кесіп өтуге және жолда барынша мұқият болуға шақырады.