Су – тынығу сыйлайды, бірақ салғырттықты кешірмейді

Су – тынығу сыйлайды, бірақ салғырттықты кешірмейді

Жаз – демалыс, еңбек демалысы мен отбасылық саяхаттардың мезгілі. Алайда дәл осы кезеңде судағы қайғылы оқиғалардың қаупі артады. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеу мен салғырттықтың салдарынан орын алады.

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлімшелерімен бірлесіп профилактикалық рейдтерді тұрақты түрде өткізіп, демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және ересектер мен балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Танымал блогер Ринат Хамзиннің қатысуымен өткен кезекті рейд жаппай демалыс орындары мен рұқсат етілмеген шомылу орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталды. Ерекше назар жабдықталмаған жағажайларға және ересектердің қарауынсыз су жағасында жүрген балаларға аударылды.

Бүгінде Жетісу облысында шомылуға арналған төрт ресми орын белгіленген: Талдықорған қаласының жағажайы, Ақши және Көктұма демалыс аймақтары, сондай-ақ Балқаш көлінің жағалауы. Дәл осы орындарда қауіпсіз демалуға барлық жағдай жасалған.

Жазғы демалыс басталғалы бері өңірде суда болған тоғыз оқиға тіркелді. Соның салдарынан тоғыз бала қаза тауып, тағы бір баланың өмірі құтқарылды. Бұл сандардың әрқайсысының артында адам тағдыры мен жақындарының орны толмас қайғысы тұр. Осындай қайғылы жағдайлардың басым бөлігінің алдын алуға болатын еді.

Жетісу облысы Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын тек арнайы жабдықталған орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және алкогольдік масаң күйде суға түспеуге шақырады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Жаз сіздерге тек жақсы естеліктер сыйласын.