
Таза әрі қауіпсіз аула — өмір сүруге, демалуға және балаларды тәрбиелеуге қолайлы орта. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау — тек өзіміздің жайлылығымыз үшін ғана емес, келер ұрпаққа таза әрі көркейген елімізді аманат ету жолындағы ортақ міндет.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара барысында абаттандыру қағидалары мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау талаптары жиі бұзылатын аумақтарға ерекше назар аударылды. Тұрғындармен тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері тазалық әр адамның өзінен басталатынын еске салады. Белгіленбеген жерге қоқыс тастау, аумақты күтіп ұстамау және қоршаған ортаға немқұрайлы қарау қалаларымыздың көркіне кері әсерін тигізеді. Қоғамға және табиғатқа деген құрмет әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Ал заң талаптарын елемеген азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.