Жетісу облысында «Жер қойнауын қорғайық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

Жетісу облысында «Жер қойнауын қорғайық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

2026 жылғы 28 маусым мен 2 шілде аралығында Жетісу облысының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу, анықтау және жолын кесуге бағытталған «Жер қойнауын қорғайық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп карьерлерде, өзен арналары мен жер қойнауын пайдалану орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Заңсыз құм, қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мен тасымалдау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Заңсыз жер қойнауын пайдалану немесе басқа да құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, 102 арнасына хабарлауларыңызды сұраймыз.