Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге бағытталған заманауи технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде.
Бүгінде өңірде Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері, бейнебақылау жүйелері, аппараттық-бағдарламалық кешендер және ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылуда. Бұл құралдар полиция қызметкерлеріне тәулік бойы жедел жағдайды бақылауға және құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Дамудың перспективалы бағыттарының бірі – қоғамдық орындарды патрульдеуге, бейнемониторинг жүргізуге және ақпаратты нақты уақыт режимінде жеткізуге қабілетті роботтандырылған платформаларды пайдалану. Қазіргі таңда Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында олардың тиімділігі мен практикалық мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында осындай роботтандырылған шешімдер сынақтан өткізілуде.
Мұндай технологиялар күдікті заттарды анықтауға, өрт белгілерін тіркеуге, қолжетімділігі қиын аумақтарды тексеруге және бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолданылуы мүмкін.
Болашақта осындай цифрлық шешімдерді енгізу қоғамдық тәртіпті сақтауда полицияның мүмкіндіктерін кеңейтіп, Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Заманауи технологияларды дамыту – «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бөлігі болып табылады және азаматтар үшін қауіпсіз әрі тиімді орта қалыптастыруға бағытталған.