
19-23 маусым аралығында Жетісу облысының полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілері арасында көлік және еңбек тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – техникалық ақауы бар және заңсыз қайта жабдықталған қоғамдық көліктерді анықтау, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу, сондай-ақ автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.