
Жетісу облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Заңсыз-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері барлығы 326 құқық бұзушылықты анықтады. Оның басым бөлігі шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы талаптарын сақтамауына қатысты болды.
Елімізде болу қағидаларын бұзғаны үшін 228 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және олардың болу тәртібін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының 78 азаматы жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 20 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімдерін орындау мақсатында 60 шетел азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу жұмыстары ұйымдастырылды.