
Жетісу облысы полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын жеке мүліктің сақталуына мұқият қарауға және қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Әсіресе қоғамдық көліктерде, базарларда, сауда орталықтарында және адам көп жиналатын орындарда қырағылық таныту қажет. Полицейлер ұялы телефондар, әмияндар және басқа да бағалы заттарды ашық қалталар мен сөмкелерде қалдырмауға, сондай-ақ жеке заттарды үнемі бақылауда ұстауға кеңес береді.
Сондай-ақ азаматтарға айналасындағы жағдайға мұқият болып, күдікті адамдарды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді байқаған жағдайда дереу 102 арнасына хабарлауға кеңес беріледі.
Жетісу облысы полиция департаменті еске салады: қарапайым сақтық шараларын сақтау мен қырағылық таныту – жеке мүліктің сақталуының басты кепілі.