
2026 жылғы 10-14 маусым аралығында Жетісу облысының аумағында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын анықтау және жолын кесуге бағытталған «Жалған нөмірлер» республикалық рейдтік іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған нөмір тағылған көлік құралдарын анықтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізеді.
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес пайдаланыңыздар.