Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!

2026 жылғы 8-12 маусым аралығында облыс аумағында «Заңсыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауын бақылау.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері құрылыс нысандарында, базарларда, қонақ үйлерде, хостелдерде, тұрғын үйлерде және шетел азаматтары шоғырлануы мүмкін өзге де орындарда тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Тексеру барысында:

шетел азаматтарының елімізде заңды негізде болуы;
еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібінің сақталуы;

заңсыз көші-қон фактілері;

шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілер анықталатын болады.

Осыған байланысты азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға шақырамыз. Егер сізге заңсыз көші-қонға, шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметіне немесе көші-қон заңнамасын бұзудың өзге де фактілеріне қатысты ақпарат белгілі болса, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Жетісу облысы Полиция департаменті.