Жетісуда есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді: заңсыз айналымнан 101 келіден астам есірткі тәркіленді

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді: заңсыз айналымнан 101 келіден астам есірткі тәркіленді

Жетісу облысы Полиция департаментінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың қорытындыларына арналған брифинг өтті.

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 79 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 42-сі есірткі қылмыстары санатына жатады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде есірткі заттарын өткізу бойынша 30 дерек, аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 6 дерек, есірткіні насихаттау және жарнамалау бойынша 3 дерек, сондай-ақ есірткі құралдарын өндірудің 2 фактісі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 101 келіден астам есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттардың басым бөлігін марихуана мен гашиш құрады.

Өңірде балалар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.