Жетісуда «Балалар жолда» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жетісуда «Балалар жолда» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жетісу облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Балалар жолда» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері күн сайын жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және жолын кесу бағытында жұмыстар жүргізуде.

Ерекше назар жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, бағдаршам талаптарын елемеуі және өзге де қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерін анықтауға аударылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстарға Жедел басқару орталығының қызметкерлері де белсенді түрде тартылған. Бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері күн сайын анықталып, құқықтық шаралар қабылдануда.

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары тарапынан жасалған 5048 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ал жедел-профилактикалық іс-шараның бір күнінде ғана 73 құқық бұзушылық анықталды.