Жетісуда сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу мәселелері талқыланды

Жетісуда сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу мәселелері талқыланды

Жетісу облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастамасымен облыстық Сот сараптамалары институтының басшылығы және мамандарымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің тергеу жұмысына жетекшілік ететін бастық орынбасарлары қатысты.

Кездесу барысында «е-Сараптама» ақпараттық жүйесі арқылы сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу тәжірибесін жетілдіру, сараптамалардың орындалу мерзімдерін оңтайландыру, сондай-ақ тергеушілер мен сот сарапшылары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар кешенді, сот-медициналық, сот-автотехникалық, көлік-трасологиялық және өзге де сараптамаларды тағайындаудың практикалық аспектілері қарастырылып, қылмыстық істерді тергеу барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар кәсіби қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, қылмыстық істер бойынша дәлелдемелік базаның объективтілігін қамтамасыз етуге және тергеу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі.