4 маусым күні Жетісу облысы Полиция департаментінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мереке Мемлекеттік Гимннің орындалуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімімен басталды. Полиция қызметкерлері үшін мемлекеттік рәміздер – елге деген адалдықтың, Отан алдындағы жауапкершіліктің және халыққа қызмет етудің айқын белгісі.
Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мадияр Омаров мемлекеттік рәміздердің ел бірлігін нығайтудағы, патриоттық рухты қалыптастырудағы маңызына тоқталды.
«Ішкі істер органдарындағы қызмет – халықтың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған абыройлы міндет. “Заң мен Тәртіп” қағидатын басшылыққа ала отырып, біз еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеміз», – деді ол.
Іс-шара барысында Полиция департаментінің хоры патриоттық әндер орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиын гарнизонның саптық шеруімен қорытындыланды.