Профилактика – халыққа деген жанашырлықтан басталады

Профилактика – халыққа деген жанашырлықтан басталады

Жетісу облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көксу ауданына барып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Полицейлер алкогольдің зиянының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. Іс-шара барысында спирттік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынатын және қоғамға жат өмір салтын ұстанатын азаматтардың мекенжайлары тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, алкогольді асыра пайдаланудың салдары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған жағдайда көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы:
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», — деген болатын. Сондықтан профилактикалық жұмыс пен халықпен тікелей байланыс орнату полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауында болады.