
Отырыста нашақорлықтың алдын алу бағытында 4 ай ішінде атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері талқыланып, 2026 жылғы 25 мамыр мен 30 маусым аралығында өтетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Жиын барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастарды салауатты өмір салтына баулу, есірткі қылмыстарының алдын алу, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ өңірдегі профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын күшейту, синтетикалық есірткілерді тарату арналарына мониторинг жүргізу, сондай-ақ интернет-ресурстар арқылы таратылатын заңсыз контентті анықтап, бұғаттау жұмыстарын жандандыру тапсырылды.