
Сарқан ауданында полиция қызметкерлері «Жас жол инспекторларымен» бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жүргізушілермен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Полицейлер балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, жүргізушілерді мектеп пен тұрғын үй маңында жылдамдықты төмендетуге, жаяу жүргіншілерге жол беруге және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға шақырды.
— Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ міндет. Әрбір жүргізуші жолда мұқият әрі жауапты болуы тиіс, — деді полиция қызметкерлері.