Жетісу облысында оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті

Жетісу облысында оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті

Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара Жетісу облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының зияны, оның адам денсаулығы мен өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, Кинология орталығының қызметкерлері қызметтік иттердің көмегімен есірткі заттарын анықтау тәсілдерін көрсетіп, арнайы көрініс ұйымдастырды. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, полиция қызметінің осы бағыттағы жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.