Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері Экология департаментінің мамандарымен бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында профилактикалық акция өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару.
Акция барысында қатысушылар жүргізушілерге ақпараттық брошюралар таратып, онда қоршаған ортаның ластануының зияны кеңінен түсіндірілді, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікке қатысты қарапайым, бірақ маңызды ережелер еске салынды. Әсіресе, қаланың экологиялық жағдайы әр адамның күнделікті әдеттерінен басталатынына ерекше мән берілді.
Мұндай іс-шаралар тек ақпараттандыруға ғана емес, табиғатқа деген саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Себебі көшелердің, аулалардың және жолдардың тазалығы – барлық тұрғындардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
«Қаланың тазалығы – әрқайсымыздан басталады. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, құрмет танытсақ қана, қаламызды таза әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.