
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, Жетісу облысының аумағында ағымдағы жылдың 10-14 сәуір аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаттары:
• Заңсыз сақталған қаруды анықтау және тәркілеу;
• Тіркелген қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларының сақталуын тексеру;
• Қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу;
• Заңсыз қару айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау.