🔹Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты
Грузия тарапы Қазақстанның ішкі істер органдарының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген бес адамды ұстады. Олардың төртеуі алаяқтық қылмыстары үшін, біреуі есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін іздеуде болған.