Секундтың құны: Жетісу облысында полицейлер жолдардағы жүздеген қауіпті құқықбұзушылықтың жолын кесті

Секундтың құны: Жетісу облысында полицейлер жолдардағы жүздеген қауіпті құқықбұзушылықтың жолын кесті

Жетісу облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі міндет — құқықбұзушылықтарды тіркеумен ғана шектелмей, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірін сақтау.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кесті. Олардың әрқайсысы — адам өміріне төнген нақты қауіп.

Жыл басынан бері анықталған:

* қарсы бағытқа шығудың 23 дерегі;
* жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың 247 фактісі;
* тіркелмеген және шетелдік көлік құралдарын заң талаптарын бұза отырып пайдаланудың 115 дерегі;
* апаттық жағдай туындатудың 126 фактісі;
* басқаруды жүргізу құқығы жоқ немесе одан айырылған тұлғаларға берудің 59 дерегі.

Әрбір құқықбұзушылық — жай ғана статистика емес, жолдағы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін нақты қауіп.

«Біздің міндетіміз — жол-көлік оқиғаларына жол бермеу. Әрбір анықталған дерек — алдын алынған ықтимал трагедия. Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының тәртібінен басталады», — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Өңірде профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлде мұқият болуға және бір ғана қателіктің құны тым ауыр болуы мүмкін екенін естен шығармауға шақырамыз.

#законипорядок #заңментәртіп