Жетісу облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жетісу облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Негізгі бағыттар:
— қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау;
— тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу;
— кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету.

☎️ Сенім телефоны: 8 (7282) 60-75-41, сондай-ақ 102 немесе 111 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

📢 Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады. Бейжай қалмаңыздар!

#заңментәртіп