Ақымақтық, өз-өзіне шамадан тыс сенім — бір қателіктің құны

Ақымақтық, өз-өзіне шамадан тыс сенім — бір қателіктің құны

Талдықорғанда әдеттегідей басталған кеш қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Рөлде 26 жастағы жас азамат болған.

Жүргізушінің сөйлеу мәнері анық болмауы бірден күдік туғызды. Тексеру барысында оның есірткілік мас күйде екені анықталды. Ойланбай жасалған бір әрекет — оның өз тағдырына ғана емес, айналасындағы адамдардың өміріне де қауіп төндірді.

Бүгінде әлеуметтік желілерде жолдағы жауапсыздықтың салдары жиі көрсетілуде — адам өміріне қауіп, ауыр жарақаттар, қайғылы оқиғалар. Алайда, өкінішке қарай, бұл жағдайлар бәріне бірдей сабақ бола бермейді.

Егер сол сәтте полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатпағанда, бұл оқиға қандай салдарға әкелуі мүмкін еді? Ауыр жол-көлік оқиғасы, түрлі жарақаттар немесе адам өліміне дейін баруы ықтимал еді.

Аталған құқық бұзушылық үшін жүргізушіге қатаң жаза қарастырылған: 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу. Қайталанған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Әрбір адам мас күйінде көлік басқару арқылы тек өз өміріне ғана емес, өзгенің өміріне де қауіп төндіреді. Мұндай қателіктің құны өте жоғары», — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Құрметті жастар, дұрыс қорытынды жасаңыздар. Кейде бір ғана тоқтату — бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

#законипорядок #заңментәртіп #пдд