Ж. Үшкемпіров атындағы мектеп-интернат-колледжінде Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқушыларға киберкеңістіктегі қауіпсіздік тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Полицейлер әлеуметтік желілердегі қауіптерге ерекше назар аударды. Бүгінде балалар мен жасөспірімдер түрлі жаңа трендтерге қызығып, кейде алаяқтардың олардың сенгіштігін өз пайдасына қалай пайдаланатынын байқамай қалады. Полиция өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері Жетісу облысында интернет арқылы заңсыз әрекеттерге тартылған 16 дроп ұсталған.
«Көпшілік ештеңе істемей-ақ тез әрі оңай ақша табуға болады деп ойлайды, — деді киберполиция қызметкері Ернат Абдрахманов. — Алайда кез келген құнды жетістік тек адал еңбек пен мұқияттылықтың арқасында келеді. Әсіресе цифрлық әлемде сақ болу өте маңызды».
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің киберкеңістіктегі қауіптер туралы түсінігін қалыптастыру және интернетте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту. Бүгінде бұл жол қозғалысы ережелері немесе жеке қауіпсіздік негіздерін білу сияқты маңызды болып отыр.
#законипорядок #заңментәртіп #профилактика