Түн бақылауда: полиция ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды

Түн бақылауда: полиция ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды

Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Үздіксіз бақылауға қарамастан, жауапкершіліктен жалтаруға тырысатын азаматтар да кездеседі. Дегенмен құқықтық тәртіп құқық қорғау органдарының қатаң назарында.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері түнгі уақытта Талдықорған қаласында күмән тудырған Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатты. Көлікті 40 жастағы ер адам басқарған. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Соңғы екі айда Жетісу облысының полицейлері жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін 86 қауіпті жүргізушіні анықтады. Полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекеттерінің арқасында жолдарда болуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берілуде.

«Біздің басты міндетіміз — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мас күйінде көлік тізгіндеген әрбір жүргізуші айналасындағыларға үлкен қауіп төндіреді. Осындай құқық бұзушыларды дер кезінде анықтау ықтимал қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік береді». 🚔

#законипорядок #заңментәртіп #пдд