Жетісу облысында есепте тұрған 543 тұлға тексерілді

Жетісу облысында есепте тұрған 543 тұлға тексерілді

Жетісу облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында шаралар күшейтілді. Полиция жұмысы профилактика жүргізуге, арнайы есепте тұрған тұлғаларды бақылауға алуға, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға бағытталған.

Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкеновтің жеке бақылауымен бір тәуліктің ішінде полицияның арнайы есебінде тұрған 543 адам тексерілді. Мұндай тексерулер құқықбұзушылықтардың алдын алып, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкеновтің айтуынша, профилактикалық жұмыстар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады:

«Кез келген құқықбұзушылық, тіпті алғашында елеусіз көрінгенімен, жалпы құқықтық тәртіп деңгейіне әсер етеді. Тазалық, тәртіп және заң талаптарын бұлжытпай сақтау — қауіпсіз әрі тұрақты мемлекеттің негізі. Сондықтан профилактика мен бақылау полицияның тұрақты және жеке назарында болады».

Осындай жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның басты мақсаты — қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету және өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау.

#заңментәртіп