Жетісу облысында заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы негізгі мақсаттардың бірі – полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру.
Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлеріне есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары, заңсыз есірткі айналымы фактілерін анықтау кезіндегі әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Арнайы назар «закладчиктерді» анықтау және ұстау алгоритміне, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтарды дұрыс құжаттау мен профильдік бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлерге құқықтық сауаттылықты нығайтуға бағытталған есірткіге қарсы мазмұндағы брошюралар таратылды.
«Есірткі қылмысына қарсы тиімді күрес әрбір қызметкерден заңды терең білуді, кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етуді талап етеді. Біздің міндетіміз – заңсыз есірткі айналымының кез келген фактісін дер кезінде анықтап, оның жолын кесу», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
#законипорядок #заңментәртіп